- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы Астана қаласында Тәуелсіз әл-ауқат қорлары халықаралық форумының мәжілісі өтеді
2017 жылы Астана қаласында Тәуелсіз әл-ауқат қорлары халықаралық форумының мәжілісі өтеді
Кездесу барысында Д.Кәлетаев пен Д.Бонфилд Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандумда 2017 жылы Астанада өтетін Тәуелсіз әл-ауқат қорлары халықаралық форумының жылдық мәжілісіне дайындық пен оны өткізу мәселесі қозғалған, деп ұлттық қорда хабарлайды.
«Самұрық-Қазына» АҚ Тәуелсіз әл-ауқат қорлары халықаралық қорлар форумына мүшелікке 2014 жылдың ақпан айында қабылданды. Қор 2015 жылы Милан қаласында, Тәуелсіз әл-ауқат қорлары халықаралық форумы мүшелерінің дауыс беру нәтижесінде, IFSWF ұйымының жылдық мәжілісін өткізу құқын иеленген болатын. Алдағы форумға жалпы активтерінің құны 5 трлн. АҚШ долларын құрайтын әлемдегі ең ірі 30 тәуелсіз қордың өкілдері қатысады деп жоспарлануда.
Тәуелсіз әл-ауқат қорлары халықаралық форумының жыл сайынғы мәжілісі - тәуекелдерді басқару, инвестициялық жағдайға ықпал ететін нарықтық және институционалдық шарттар сияқты маңызды мәселелер бойынша пікір алмасатын бірегей алаң. Астанада өтетін IFSWF мәжілісі Қазақстан мен «Самұрық-Қазына» АҚ үшін айтулы оқиға болмақ.
IFSWF - International Forum of Sovereign Wealth Funds – 2009 жылы Халықаралық қаржы қорының аясында құрылған, бірақ қазір штаб-пәтері Лондонда орналасқан тәуелсіз ұйым. Аталған халықаралық ұйымға 30 тәуелсіз әл-ауқат қоры мүше болып табылады.Олардың арасында: Khazanah холдингі (Малайзия), Корея инвестициялық корпорациясы, Қытай инвестициялық корпорациясы, Австралияның болашақ қоры, GIC Private Limited (Сингапур), Катар инвестициялық қоры және т.б.Өз жұмысында IFSWF ашық та тұрақты инвестициялық ортаны дамыту және қолдауға септігін тигізеді, осылайша Сантьяго Принциптерінің негізінде жатқан төрт мақсатты көздейді: 1 – ғаламдық қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен капиал және инвестициялардың еркін ағымын қолдау; 2 – өздері инвестиция құятын елдердегі ақпаратты жариялауға қойылатын нормативтік талаптарды орындау; 3 – экономикалық және қаржылық тәуекелдер мен тиімділік негізінде инвестициялау; 4 – сапалы оперативтік бақылау, тәуекелдерді басқару мен есептілікті қамтамасыз ететін ашық та сенімді басқару жүйесін ұстану.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары