• Басты
  • Жер реформасы бойынша комиссия мүшелері Атырау облысының халқымен кездесуде
23 Шілде, 2016 13:21

Жер реформасы бойынша комиссия мүшелері Атырау облысының халқымен кездесуде

Астырау облысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен Жер реформасы бойынша комиссия мүшелері Атырау облысы халқымен кездесуде.
Жер реформасы бойынша комиссия мүшелері  Атырау облысының халқымен кездесуде

Кездесуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен кәсіпкерлер, салалық одақтар мен қауымдастықтар, барлық деңгейдегі қоғамдық кеңес мүшелері, партиялық және кәсіподақ ұйымдары, орталық және жергілікті атқарушы органдар қатысып, өңір аудандарының тұрғындары селекторлық режимде байланысқа шығып отыр. Сонымен қатар, «Bnews.kz» ақпараттық агенттігінің сайтында тікелей эфир ұйымдастырылды, деп ҚР АШМ хабарлайды.

Жер реформасы бойынша комиссияның негізгі міндеттері Елбасы айрықша тапсырғандай, бұған дейін құрылған құқықтық, экономикалық, ақпараттық-түсіндіру және ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі төрт жұмыс тобының тиімді қызметі арқылы қалың көпшілікпен пікір алмасып, жер заңнамасының нормаларына қатысты ұсыныстарды қарау болып табылады.

Осыны тілге тиек еткен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Комиссияның өңірлердегі жұмысында белгілі бір принциптердің қалыптасқанын, яғни, ашық түрде ешқандай шектеусіз нақты көтеріліп отырған мәселеге байланысты пікір айтам дегендерге шектеу болмайтынын атап өтті.

«Біз бұл жерге дауласу үшін емес, жер мен ел тағдырын ақылдасу үшін жиналып отырмыз. Жер мәселесін ақылмен, сабырмен, жан-жақты талқылау арқылы қарап, шоғырланған түйінді мәселелерді шешудің жақсы үлгісін көрсетуіміз қажет», - деді Комиссия төрағасы.

Күн тәртібінде алдыңғы қозғалған тармақтардың заңды жалғасы ретінде үш мәселе қаралады:

Біріншіден, ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жалға беру институтын жетілдіру. Оның ішінде, жерді ұтымды пайдалануға бақылауды күшейту, жерді жалға беру рәсімдерінің ашықтығын, тиімділігін арттыру, бір қолға жалға берілетін жерлердің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу, Қазақстан Республикасының шекаралас аумақтарынан берілетін ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану тәртібін күшейту.

Екіншіден, елді мекен маңайынан жергілікті тұрғындарды қажетті жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру

Үшіншіден,  мораторий жарияланған 2 мәселеге (қазақстандықтарға жеке меншікке және шетелдіктерге жалға беру) байланысты пікір алмасу көзделіп отыр.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды