• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаевқа ҚР Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді

Қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаевқа ҚР Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді

22 Шілде, 2016 15:43
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сұлтан Жиенбаевқа Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы               5 шілдедегі  Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоғамдық және этносаралық келiсiмдi орнықтыруға, Қазақстан халқының бiрлiгiн нығайтуға қосқан ерекше үлесi үшiн  қоғам қайраткері Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаевқа 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді», - делінген Жарлық мәтінінде.

 

Барлық жаңалықтар