- Басты
- Жаңалықтар
- Қазпошта аты аңызға айналған қазақ барлаушысы Мөрәлі Шәменовке арналған пошталық марканы айналымға енгізді
Қазпошта аты аңызға айналған қазақ барлаушысы Мөрәлі Шәменовке арналған пошталық марканы айналымға енгізді
Пошталық маркада соғыс қимылдарының қатысушысы, барлау офицері, ержүрек жауынгер, Жеңістен соң әскери қызметін Шығыс Германияда жалғастырған Мөрәлі Шәменов бейнеленген, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Барлау офицері, капитан Шәменов Балтық маңындағы және Белоруссия майдандарының 326 Атқыштар дивизиясының қорғаныс және шабуылды ұрыстарының қатысушысы болған, оның басшылығымен көптеген шолу операциялары мен жауынгерлік істері сәтті өткізілген.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін партия қызметкері, журналист, қоғам қайраткері, ауылшаруашылығының өндірісші маманы болған.
Әскери ерлігі мен еңбектегі қызметі үшін Мөрәлі Шәменов Ленин, Қазан төңкерісі, Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, Қызыл жұлдыз, «Құрмет белгісі» және басқа да көптеген медальдармен марапатталған.
Пошталық марка офсеттік басылымда 2 бояумен 105 маркадан тұратын маркалық парақ түрінде шығарылған. Жиегі ирек тісті. Марка өлшемі 26Х18 мм. Пошталық марканың номиналы – 50 теңге. Таралымы 2 000 000 дана. Суретші – Сергей Маршев. Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банкноттық фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай