- Басты
- Жаңалықтар
- Биылдан бастап мемлекеттік ЖОО ректорлары сайлау арқылы тағайындалады - БҒМ
Биылдан бастап мемлекеттік ЖОО ректорлары сайлау арқылы тағайындалады - БҒМ
Бұрын жоғарғы оқу орындарының ректорлары ҚР Білім және ғылым министрінің жеке шешімімен тағайындалатын.
Биылдан бастап мемлекеттік ЖОО ректорлар сайлау арқылы тағайындалады. Ашық конкурс негізіндегі іріктеуді ғалымдардан сондай-ақ бизнес, жергілікті атқару органдары және қоғам өкілдерінен құралған университеттің Қадағалау кеңесі өткізеді.
Ректор лауазымына үміткерлер іріктеудің негізгі критерийлеріне толықтай сай келіп, университеттің даму бағдарламасын ұсынулары тиіс. Үміткер мақұлданған жағдайда, Қадағалау кеңесі өз шешімін Републикалық конкурстық комиссияға жолдайды. Қадағалау кеңесі қолдаған кандидаттар саны үш адамнан кем болмауы керек. Алғашқы іріктеуден кейін үміткерлер ҚР Премьер-министрінің әлеуметтік мәселелерді қадағалайтын орынбасарының жетекшілігіндегі Республикалық комиссияда сұхбаттасудан өткізіліп, алқалы негізде соңғы шешім қабылданады.
Мемлекеттік ЖОО ректорларын сайлау ең алдымен лауазымға тағайындалудың айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз етпек. Сонымен қатар, конкурстық іріктеу нәтижесінде ең жақсы деп табылған ЖОО-ның даму бағдарламасын қабылдауға мүмкіндік береді.
ЖОО-ның Қадағалау кеңестерінің тізімдері қалыптастырылғандықтан, олар университеттердің сайттарында ашық жариялануы тиіс. Мемлекеттік ЖОО ректорлары лауазымдарына үміткерлерді іріктеу таяу кезеңде басталады.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады