- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2018 жылға дейін өндіріске сүт, ет өндірісі мен ара өсіру бойынша кооперативтер құру жоспарланған
Қазақстанда 2018 жылға дейін өндіріске сүт, ет өндірісі мен ара өсіру бойынша кооперативтер құру жоспарланған
«Кооперациялар құру бойынша алған оң тәжірибесін ҚазАгро ауыл шаруашылығының басқа да кіші салаларында пайдалануды жоспарлайды. Барлығы 2018 жылға дейін өндіріске сүт өндірісі және өңдеу, етті мал шаруашылығы, мақта өндірісі, түйе сүтін өңдеу, ара өсіру шаруашылығы, жүгері өндірісі, қой шаруашылығы (қой еті) бойынша, қырман шаруашылығын құру және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қаржылай қолдауымен дәнді дақылдарды өткізу бойынша кооперативтер құру және енгізу жоспарланады», - деді Н.Малелов.
Кооперациялар мен ынтымақты жауапкершілік принциптерінде астық өндірушілердің бірлестіктерін ынталандыру шеңберінде 2016 жылы Холдингтің екінші деңгейлі банктер арқылы егістік жұмыстарын жүргізу үшін оларды қаржыландыруды жалғастырғанын атап өту қажет.
«Егер, өткен жылы біз аймақтық астық кооперативтерінің 2 пилоттық жобасына қолдау көрсеткен болсақ, 2016 жылдың басынан бастап Холдингпен Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында 10 Бірлестік қаржыландырылды, 212 қатысушының егістік алаңының көлемі 726 мың гектарды құрады, қаржыландыру сомасы – 8,3 млрд. теңге», - деді ол.
2015 жылдан бастап Холдингпен астық өндірісі саласындағы шағын және орта АШТӨ біріктірудің жаңа тәсілі ұсынылды, ол үш астық егетін өңірде (Ақмола, Қостанай және СҚО) таныстырылып және пилоттық режимде іске қосылды.
«Қызығушылық танытқан фермерлер кооперациялар мен ынтымақты жауапкершілік принциптерінде астық өндірушілерінің бірлестіктеріне «Аймақтық астық холдингтері» принципінде бірікті», - деді Н.Малелов.
Бұл схема Бірлестіктерді несиелеу процессіне кейіннен оның құрылтайшыларының көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін ЕДБ тартуды көздейді.
Айта кетейік, 2016 жылдың басынан бастап Холдингпен Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында 10 Бірлестік қаржыландырылды, 212 қатысушының егістік алаңының көлемі 726 мың гектарды құрады, қаржыландыру сомасы – 8,3 млрд. теңге.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды