- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан елшісі Грекия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан елшісі Грекия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Рәсімнен кейін орын алған сұхбат барысында грек басшысы қазақстандық елшісін лауазымға тағайындалуымен құттықтай отыра, қазақстандық-грекиялық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталатын жұмысына сәттілік тіледі. П. Павлопулос грек тарапы екіжақты қатынастарды жан-жақты дамытуға қызығушылық танытып, мүдделі екендігіне тоқталды.
Өз жауап сөзінде елші Грекия секілді тарих пен мәдени мұраға бай мемлекетте қызмет жасау үлкен мәртебе мен жауапкершілік екенін айтты. А. Волков Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ең жылы ықыластарын жеткізді. Екіжақты қатынастарды әрі қарай өрбіту перспективаларын талқылап, шарт-құқықтық базаны кеңейту, туристік потенциалды жаңа деңгейге көтеру, қазақстандық-грекиялық сауда-экономикалық және мәдени гуманитарлық ынтымақтастығын алға жылжыту маңыздылығын атап өтті. Елші грек тарапын 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдағаны үшін алғыс білдіріп, Грек Республикасының «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу мен екі мемлекет арасындағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыру мәселелері төңірегінде сөз қозғады.
Өз кезегінде Грек Президенті Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктерін ерекше бағалап, Грекияның Қазақстанмен саяси және экономикалық байланыстарды нығайтуға мүдделі екендігін қайта айрықша атап өтті және Президент Н. Назарбаевқа адал тілектерін жеткізуді сұрады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру