- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі Астананы одан әрі дамыту бойынша Елбасының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді
ҚР Премьер-Министрі Астананы одан әрі дамыту бойынша Елбасының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді
«Президент бірқатар мәселелер мен басымдықтарды атап өтті», - деді Премьер-Министр және аталған тапсырмаларды шұғыл орындау қажеттігін басып айтты.
Жер телімдерін пайдалану мәселелеріне қатысты Үкімет басшысы «оларды мемлекеттік меншікке қайтару бойынша шаралардың жетіспейтіндігін» атап өтті, алайда «2011 және 2012 жылдар аралығында жерлерді түгендеу жүргізілген болатын». Осыған байланысты Астана мен Ақмола облысының әкімдіктеріне Бас прокуратрурамен бірге игерілмей жатқан және белгіленген мақсатта пайдаланылмайтын жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.
Астана маңындағы елді мекендерді дамыту бойынша Үкімет басшысы Астана және Ақмола облысының әкімдеріне елорда мәртебесіне сәйкес қала маңындағы аймақты дамытудың Кешенді жоспарын әзірлеп, қала маңындағы аймақтағы елді мекендердің бас жоспарларына түзету енгізуді, осы жұмыс аяқталғанша ЖТҚ-на жер телімдерін бөлуді тоқтатуды тапсырды.
«Мемлекет басшысы Жасыл белдеудің аумағын 2030 жылға қарай 200 мың гектарға дейін арттыруды тапсырды» деп атап өткен С.Ахметов Қоршаған орта министрлігіне елорданың және Ақмола облысының әкімдіктерімен бірге бір айлық мерзімде Астананы және қала маңындағы аумақты үздіксіз көгалдандырудың кешенді жоспарын енгізуді тапсырды.
Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттікке мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тұрғын үйлер құрылысының өз құнына және сату бағаларына сәйкестігі бойынша сәйкес ұсыныстар жасау тапсырылды. Астана әкімдігі ескі және апатты тұрғын үйлерді бұзу, Сол жағалаудың жаңа көшелерін салу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша жұмысты жандандыруы тиіс.
Үкімет басшысы сондай-ақ жылу беру маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді, Астанадағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.
Кеңесті қортындылай келе, С.Ахметов Елбасының елорданы дамыту бойынша тапсырмаларын жедел түрде орындау қажеттігін басып айтты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі