- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Беларусь теңдестірілген сауда жүргізеді
Қазақстан және Беларусь теңдестірілген сауда жүргізеді
«Қазақстан мен Беларусь арасындағы серіктестік әрдайым сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тұрақты және стратегиялық сипатымен ерекшеленді. Бірақ, Еуразиялық кеңістік шеңберіндегі өзара тығыз әрекеттестікке және интеграцияға қарамастан, 2015 жылы біздің елдеріміздің арасындағы сауда көлемі 38%-ға төмендеді», - деп хабарлады Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Гомельдегі Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысы барысында.
Қазақстандық статистиканың мәліметінше, 2015 жылы Беларусьпен тауар айналымы көлемі 520 млн АҚШ долларын құрап, 37,7%-ға төмендеді, деп хабарлады Pm.kz.
Б. Сағынтаевтың айтуынша, сауданың теріс динамикасы бірінші кезекте әлемдегі экономикалық ахуалдың нашарлауына және энергия ресурстарына бағаның төмендеуіне байланысты.
«Сонымен бірге, тауар айналымының көлемін қолдауда сауданың үйлестірілгендігі және жеткізілетін тауардың тұрақты сипаты маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты, екі мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органдарына теңдестірілген сауданы қалыптастыру және тауарларды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету мәселесін бірлесіп зерттеуді тапсыруды ұсынамын», - деді Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Үкіметаралық комиссия отырысы барысында.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді