- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 3000 орынды Мұз аренасының сырғанау алаңы таныстырылды
Алматыда 3000 орынды Мұз аренасының сырғанау алаңы таныстырылды
Спорт нысанын салуға жоғары сыныпты мамандар тартылып, оны тұрғызуға, әрлеуге отандық өндіріс материалдарының 90% -ы пайдаланылды. Жалпы, 3000 орынды Мұз аренасын салумен 1,5 мың адам айналысты.
«Қазіргі кезде негізгі мұздың төзімділігіне ерекше мән беру қажет, ол үшін кәсіби спортшыларды, мамандарды шақырып, мұздың сапасы жөнінде тиісті бағаны алған жөн. Универсиаданың барлық нысандары Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынды. Жалпы, балалар спортын, бұқаралық және кәсіби спортты дамыту қажет. Болашақта біздің спортшыларымыздың жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне ықпал ететін нысандар қала шетінде болуы тиіс», - деп атап өтті әкім.
Бұл объект негізінен мәнерлеп сырғанау, шартрек, хоккей және басқа қысқы спорт түрлері бойынша пайдаланылады. Бүгінгі күні хоккей клубтары, әуесқой және балалар хоккейі, сырғанау сынды жаттығу сабақтарының жүйесі жасалған. Осылайша, қаланың мұндай спорт нысандарына қалың бұқараны кеңінен тартуға үлкен мән берілуде.
«Біз нысанды тамыз айының соңында пайдалануға беруге үміттіміз. Ал қазан айынан бастап объект қала тұрғындары үшін қолжетімді болады. Барлық жобалар жоғары технологиялық талаптарға толық жауап береді. Негізгі критерйилердің бірі- өзіміз қосқан энергиялық тиімділік. Қазір жоғары рейтингілі шетелдік қондырғыларды орната салудың еш мәні жоқ. Маңыздысы- қымбат энергия шығынына жол бермей, Мұз аренасына көпшіліктің жиі келуін қамтамасыз ету», - деді Алматы қаласы спорт нысандары дирекциясының басшысы Сергей Апенко.
Атап өтерлік жайт, нысан іске қосылғанда мұнда 200-ге жуық жұмыс орны құрылады, олар жалға берілген кафе мен спорт залдарында қызмет ететін болады.
-
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Антикор басшысына тікелей өтініш жолдау мүмкін бе -
Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілмек -
Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Алматыдағы эпиджағдай: Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар, 3 көпсалалы клиника салынбақ -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды