- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада бастапқы медициналық-санитарлық көмекті 22 медициналық мекеме көрсетеді
Астанада бастапқы медициналық-санитарлық көмекті 22 медициналық мекеме көрсетеді
Сонымен қатар, 36 мекеменің 22-сі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Бұдан басқа, 14 стационар бар, оның төртеуі көп бейінді, екеуі жұқпалы ауруларды емдеуге арналған, үшеуі перинаталды орталық, 4 мамандандырылған мекеме (Туберкулезге қарсы диспансер, Онкологиялық орталық, Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы, Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы) және 9 басқа да медициналық ұйым.
« Ересектер арасында қан айналымы жүйесі аурулары, эндокриндік және онкологиялық аурулар жиі кездеседі. Ал балалар тыныс алу органдарының, жүйке жүйесі және қан, қан түзуші жүйе дерттеріне көп шалдығады», – дейді елордалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісов.
Оның айтуынша, медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру үшін біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары ұйымдастырылады. Жыл сайын 4 мыңға жуық медицина қызметкері оқытылады.
«Соңғы екі жылда тірі донордан бауыр ауыстырып салу бойынша 17 ота жасалды. Қазіргі заманғы эндобейнехирургиялық әдістерді енгізу жалғасады. Сонымен қатар, Францияның Густав Русси онкология институтымен ынтымақтастық орнату туралы меморандум аясында химиялық препараттарды орталықтан араластыру әдістемесі қолданылады», – деді ведомство басшысы.
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
Гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі -
Түзету мекемелерінде сотталғандармен жұмыс қалай жүргізіледі -
Қаңтар айында көпбалалы аналар 22,5 млн теңгеге жәрдемақы алды -
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды -
ҚР-дағы вакцинация: Вакцина алатындар нені білуі тиіс, қандай мекемелерде жүргізіледі және кімдерге салынбайды -
Мемлекеттік емес ұйым саналатын мекемелерге ресми сайтта ақпаратты ашық жариялау міндеттеледі -
Transparency Kazakhstan 2020: Қандай мемлекеттiк мекемелерде жемқорлық фактiсi жиi кездеседi -
2021 жылы медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді