• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 23,3 пайызға көбейді

Қызылорда облысында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 23,3 пайызға көбейді

21 Шілде, 2016 15:53
Ағымдағы жылдың алты айында 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қызылорда облысы бойынша өнеркәсіп өнімі нақты көлемінің индексі 90,8%-ды құрады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағандай, өндірістің кемуі облыстың Қызылорда қаласы және Қазалы, Шиелі аудандарында байқалды. Басқа аудандарда өндіріс көлемінің өсуі тіркелді.

Есепті кезеңде кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда нақты көлем индексі 85,4%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 23,3%-ға өсті.

 

Барлық жаңалықтар