- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев Ұлттық қор қаражатын игеру мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді
Б.Сағынтаев Ұлттық қор қаражатын игеру мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді
2016 жылы Ұлттық қордан тікелей бюджеттік қаржыландыруға бөлінген мақсатты трансферттер 807,5 млрд теңгені құраған. 1 шілдедегі есеп бойынша бұл сомадан 297 млрд теңге игерілген немесе жылдық жоспардың 37% орындалған.
Жиын барысында Б.Сағынтаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық қор қаражатын жергілікті және орталық деңгейде игеру қарқынын сынға алғанын атап өтті, деп хабарлады pm.kz.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары бірінші жарты жылдықта Ұлттық қор қаражатын көп игермеген аймақтар қатарында Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстары бар екенін хабарлады.
Жекелеген бағдарламалар бойынша қаражат игерілмей қалмау үшін Б.Сағынтаев республикалық бюджеттік бағдарламалар жетекшілеріне, әкімдіктерге қаражатты үшінші тоқсаннан төртінші тоқсанға барынша ауыстыруды, сондай-ақ байқау рәсімдерін қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Қаражатты толықтай әрі тиімді игеру үшін көш соңындағы аймақтар қаражаты белсенді жүзеге асырылып жатқан жобаларға қайта бөлінеді.
Бұдан бөлек орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктер мен ұлттық холдингтерге Ұлттық қор қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету тапсырылды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі