• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Пробация туралы» заң жобасы 2016 жылдың III тоқсанында ҚР Үкіметінде қарастырылады

«Пробация туралы» заң жобасы 2016 жылдың III тоқсанында ҚР Үкіметінде қарастырылады

21 Шілде, 2016 12:23
«Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын 2016 жылдың III тоқсанында ҚР Үкіметінде қарастырады, деп Р ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев түрмеден босап шыққан және апробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың оңалту стратегиясын талқылау бойынша халықаралық дөңгелек үстел барысында мәлім етті.

«Заң жобасын әзірлеу мерзімі мен оны үкіметке кіргізу уақыты белгіленді – ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында. Бізге қойылған уақыт аз, заң жобасын барлық қызығушылық танытқан меморгандармен келісу керек және тиісті сараптама жұмыстарын атқарылуы тиіс»,-деді М. Аюбаев.

Қазіргі күні заң жобасы ҚР әділет министрлігінде қарастырылуда.

Естерінізге сала кетейік, бүгінгі күні республикада үкімдік және постпенитенциарлық пробация қызметі енгізілген. Заң жобасы республикада толық түрде пробация институтын енгізуді қарастырады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар