- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да қуаттылығы 4,2 мВт болатын су электр стансасы салынбақ
ОҚО-да қуаттылығы 4,2 мВт болатын су электр стансасы салынбақ
Нәтижесінде, облыстағы 20 өзенде 43 әлеуетті нүктеден жалпы сыйымдылығы 119,84 мВт құрайтын энергия көзі анықталды. Зерттеулер қорытындысы бойынша шағын гидроэлектростанция құрылысы үшін ең қолайлы өзендер және локациялар іріктеліп, жобаны жүзеге асыру мақсатында инвестиция тарту бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Осы жұмыстардың арқасында «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ мен Түркиялық «Endustriel Elektrik Elektronik San. Ve Tic. Ltd» компаниясы арасында инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандумға сәйкес, Түлкібас ауданындағы Машат өзені бойында жалпы қуаттылығы 4,2 мВт құрайтын шағын гидроэлектростанция құрылысын жүзеге асыру келісіміне қол жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша жобаның құны $ 6,3 млн. АҚШ долларын құрайды.
Қазіргі уақытта, Түлкібас ауданы айына 15 мВт электр энергиясын тұтынады. Жоба іске қосылған соң, жаңа электр станциясы аудан қажеттілігінің үштен бірін қамтитын болады.
Сонымен қатар, «Баламалы энергия көздерін пайдалануды қолдау және есеп айырысу бойынша қаржылық орталығы» ЖШС-і жобаның құрылысы аяқталғаннан кейін электр энергиясын ұзақ мерзімге сатып алуды қамтамасыз етуге келісім берді.
Аталған жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, инвестор басқа да қолайлы локацияларда гидроэлектростанциялар құрылысын жүргізу үшін түркиялық «Эксим Банктен» қосымша инвестиция тартуды жоспарлап отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы