- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР чемпионаты басталды (ФОТО)
Қарағандыда Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР чемпионаты басталды (ФОТО)
Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин және Қарағанды облысының әкімі Н.К. Әбдібеков қатысты. Сонымен қатар, құрметті қонақтар арасынында Қарағанды облысы мәслихат хатшысы Қ.Ә. Рысқали және азаматтық қорғау ардагерлер кеңесінің мүшесі генерал-майор М.Қ. Ысқақов болды, деп хабарлады ІІМ ТЖК.
Жарысқа барлығы 14 облыстың және Астана мен Алматы қалаларының Төтенше жағдай департаменттері, сондай-ақ ТЖК ІІМ ҚР Көкшетау техникалық институтының, «Өрт сөндіруші» АО және Тараз мамандандырылған колледжінің құрмалары қатысуда.
Осы сайыстарға әлемдік санаттан 4 төрешісі, ұлтық санаттан 2 төрешісі, өрт сөндіру спорт шеберлігінен 28 төрешісі төрелік етеді.
Сайысқа қатысушы барлық командалар таныстырылғаннан соң Қарағанды облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі И.Д. Күлшімбаев облыс әкіміне Чемпионатқа дайын екендігін мәлімдеді.
Облыс әкімі Әбдібеков Н.К. Чемпоионатқа қатысушыларды қарсы алып, алдағы сайыста қызықты адал жеңіс тілеп, барлығына сәттілік жолдады. Құттықтау сөзінен кейін өңір басшысы салтанатты түрде «ТРЭКОЛ» жаңа құтқару техниканың кілтін Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің Теміртау қаласындағы №4 жасағының және Жезғазған қалаласының №2 жасағының бастықтарына табыс етті.
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин өз кезегінде спортшыларды Чемпионаттың ашылуымен құттықтады: «Жарысқа қатысушыларды ашылуымен құттықтаймын, жаңа жетістіктердің жоғары деңгейін көрсетіп, көрермендерге – керемет көңіл күй сыйлаңыздар!»
Ашылу салтанатының соңына таман чемпионаттың бас төрешісі, ҚР «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорттық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқару комитетінің директоры Данаев Д.Т. «Өрт сөндіруші-құтқарушы спорты бұл – үлкен деңгейдегі, ашық бірлестік, қатысушылардың ұйымдастырушылығын тәрбиелейтін, тұтастық, үлкен жауапкершілік сіздердің жұмыстарыңыздың түпкілікті нәтижесі» - екендігін атап айтты.
Сайыстың алғашқы кезеңдерінде қонақтар мен қатысушыларға «Нұр би» ансамбльі өздерінің биін тарту етті.
Чемпионаттың ашылу салтанатынан соң, қатысушылар өздерінің сайыстарына кірісті. Қатысушылар 4х100 метр өрт эстафетасын еңсеруден жарысты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды