- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да түрмеден шыққан азаматтарды әлеуметтік оңалту үшін екі бағыт дайындалды (ФОТО)
ҚР-да түрмеден шыққан азаматтарды әлеуметтік оңалту үшін екі бағыт дайындалды (ФОТО)
«Біздің жоба қылмыстық әділсотты жетілдіруге бағытталған. ҚР Президенті бізге жалпы қылмыстық әділсот жүйесіндегі заңнаманы жақсартып, түрмедегілердің санын қысқарту мақсатында жоспарлы қадамдармен өтініш жасаған болатын»,-деді Б.Зенгеринг.
Оның айтуынша, пробация аталмыш мәселені шешуде жақсы балама бола алады.
«Бірқатар елдерде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары түрмеге қамаудың баламасы болып табылатын тиімді әрі нәтижелі шаралар қолдану керектігін көрсетеді. Осыған байланысты қылмыс жасаған тұлғалардың тәртібін өзгертуге, оларды әлеуметтік бағдарланған бағдарламаларға тартуда пробация көмектесе алады»,-деп түсіндірді ол.
Сарапшы сондай-ақ, мұның ғылыми дәлелденген екі бағыты дайындалғанын алға тартты. Біріншісі – тәуекелді бағалау жүргізу.
«Қылмыс жасаған тұлғамен жұмыс жүргізігенде біз алдымен оның өз тәртібін өзгертуге құлқы бар жоғын анықтап алуымыз керек. Әлде ның психологиялық проблемаларға байланысты өзін түзете алмай ма, деген мәселе анықталуы қажет»,-деп атап өтті ЕО жобасы жетекшісінің орынбасары.
Екіншісі – қылмыс жасаған адамның қатысуымен қоғамдық жұмыстар жүргізу.
«Қоғам үшін оларға қаржы шығындаудың еш керегі жоқ. Олар өздері қоғам үшін кіріс көзі бола алады. Яғни, қылмыскер қоғамдық жұмыс атқару арқылы қызмет көрсетеді»,-деп толықтырды сөзін Б.Зенгеринг
Анар Тәңірқұлова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері