• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Қазақстан мен Венгрияның сауда-экономикалық ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

Астанада Қазақстан мен Венгрияның сауда-экономикалық ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

21 Шілде, 2016 11:13
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Баранимен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

«Тараптар Қазақстан мен Венгрияның сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастығының, сонымен қатар алдағы  Үкіметаралық комиссиясының 5-отырысын ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, елдер арасында одан әрі жемісті ынтымақтасу мақсатында Қазақстан-венгр стратегиялық кеңесінің құрылтай отырысын және Үкіметаралық комиссия шеңберінде Қазақстан-венгр бизнес форумын өткізу туралы келісімге қол жеткізді.

Барлық жаңалықтар