ЕЭК Дүниежүзілік кеден ұйымымен ынтымақтастықты нығайтуда

21 Шілде, 2016 10:18
Брюссельде (Бельгия) Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастық бойынша министрі Мұқай Қадырқұлов Дүниежүзілік кеден ұйымының Кеден ынтымақтастығы кеңесінің отырысына қатысты. Кеңес мүшелері ЕЭК пен Дүниежүзілік кеден ұйымының ынтымақтастығының жаңа кезеңі туралы ақпарат алды. Кездесу барысында ағымдағы жылдың 17 шілдесінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Отырысқа елдердің 180 өкілдері қатысты және олар Дүниежүзілік кеден ұйымына кірді, сонымен қатар, ЕАЭО-ның кеден органдарының басшылары қатысты.

Кедендік реттеу саласында ақпараттық және коммуникациялық технологиялар мәселелері, электрондық коммерция, терроризммен күрес, сонымен қатар кеден қызметкерлерінің құқық қорғау органдары және салық қызметімен ынтымақтастығы кең ауқымда талқыланды, деп ЕЭК хабарлайды.

Кедендік қызмет өкілдері үйлестірілген халықаралық кедендік ынтымақтастықтың және тиімді сауда рәсімдерін оңайлату құралдарын қолдану қажеттігін анықтады, тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, келісілген шекаралық басқару, мүдделі тараптар арасында байланыстарды кеңейту керектігін айтты.

М. Қадырқұловтың ойынша, ЕЭК өкілдерінің Кеңес отырысында қатысуы құқықтық мирасқорлық тәжірибесі мен  кеден ісінің жабдықтарында маңызды рөлді алады. 

Барлық жаңалықтар