- Басты
- Жаңалықтар
- ШОБ: «Даму» қоры несиелендірудің жаңа бағдарламасын іске қосты
ШОБ: «Даму» қоры несиелендірудің жаңа бағдарламасын іске қосты
«Даму Оптима» бағдарламасы банк алдында кепілзаты жетпейтін кәсіпкерлерге «Даму» Қорының кепілдемесін пайдалана отырып несие алуға мүмкіндік береді, деп «Даму» қоры.
«Несие алу барысындағы кепілзат жетіспеушілігі көп кәсіпкерлер үшін қолбайлау болып отыр. Егер бұған дейін экономиканың басымдық берілген салалары бойынша жобаларын жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында «Даму» Қорының кепілдемелерін пайдаланып келсе, бұл бағдарламаның мақсатты тобына кірмейтіндер үшінші жақтың кепілдемесіне жүгінуге мәжбүр болған. «Даму Оптима» осы олқылықтың орнын толтырады. Енді кез-келген саладағы кәсіпкер «БЖК 2020» бағдарламасы немесе «Даму Оптиманы» таңдау арқылы «Даму» Қорының кепілдемесін ала алады»,- деді «Даму» Қорының Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин.
Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін несиеге кепілдеме беру талаптары:
Кепілдеме мөлшері – несие сомасының 50%-нан аспауы керек. Айналымдағы қаражатты толықтыруға 36 айға дейінгі кепілдемемен 60 млн теңге, инвестиция салу үшін 60 айға дейінгі кепілдемемен 180 млн теңгеге дейін беріледі.
Франшиза бойынша іс бастағысы келген кәсіпкерлер үшін несиеге кепілдеме беру талаптары: Кепілдеме мөлшері: 20 млн теңгеге дейін. Несие сомасының 70%-нан аспауы керек. 20 млн теңгеден жоғары болған жағдайда несие сомасының 50%-нан аспайды.
Несие 80 млн теңгеге дейін беріледі. Кепілдеме мерзімі – айналымдағы қаражатты толықтыру үшін 36 айға дейін, инвестиция салуға 60 айға дейін.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін «Даму» Қоры өз қаражатынан 2,8 млрд теңге бөледі. Екінші деңгейлі банктердің бірқатары аталған бағдарламаға қызығушылық танытуда. «Даму» Қоры Қазкоммерцбанк, АзияКредитБанк, Евразия банкі және Банк Астана секілді бірқатар екінші деңгейлі банктермен келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты