Қазақстанда жекешелендіру аясында 287 нысан сатылды

20 Шілде, 2016 10:18
2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 1005 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың шілдедегі кезеңінде 509 объекті жекешелендіруге жатады, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

2016 жылдың 18 шілдедегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 482 объекті шығарылды, оның ішінде 287 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 19, коммуналдық меншік бойынша - 141, ӘКК - 75, холдингтер бойынша - 52.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 6 994 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 4 668 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 416 млн. теңге, ӘКК 3 717 млн. теңге.

«Республикалық меншік бойынша   2014-2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 65 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың шілдедегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 25 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 18 шілдедегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 25 объекті шығарылды, оның ішінде 19 объекті сатылды», - делінген хабарламада.

Коммуналдық меншік бойынша   2014 - 2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 491 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың шілдедегі кезеңінде 248 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 18 шілдедегі жағдайы бойынша 242 объекті шығарылды, соның ішінде 141 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2020 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 166 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың маусымдағы кезеңінде 101 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 96 объекті сатуға қойылды, 75 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша  2014 - 2020 жж. арналған сату Кестесі бойынша 283 объекті жекешелендіруге жатады, 18 шілдедегі жағдайы бойынша жоспарланған 134 объектінің 119 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 52 объект сатылды.

Барлық жаңалықтар