- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық қорғаныс университетінде алғаш рет батальон сержанттарының даярлығы өтті
Ұлттық қорғаныс университетінде алғаш рет батальон сержанттарының даярлығы өтті
Бұл ретте дайындық бөлімшелерді жауынгерлік басқару негіздерін, күнделікті қызметті басқару мәселелерін, бейбіт уақытта бөлімшелердің тәрбие және идеологиялық жұмысын зерделеуге бағытталған.
Бір ай бойы жоғары әскери оқу орнының базасында өткен оқыту қорытындысы бойынша кешенді емтихан өткізілді. Қорытынды тексерістен ойдағыдай өтіп, білімдерін растаған сержанттарға белгіленген үлгідегі куәліктер тапсырылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сержанттарды даярлауға үлкен мән берілуде. Себебі, дәл осы сержанттар корпусы армияның жауынгерлік қабілеттілігін нығайту жөнінде бірқатар маңызды тапсырмаларды орындайды. Бұл сарбаздардың жеке жауынгерлік және дене даярлығы, әскери тәртіпті ұстап тұру және әскери қызметшілерді тәрбиелеу, әскери қызмет өткерудің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану.
Әртүрлі деңгейдегі сержанттар корпусының өкілдері үшін бүгінде Ұлттық қорғаныс университеті, Ш. Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусы, сондай-ақ, ҚР ҚК әскери бөлімдерінің оқу-жаттығу орталықтарының базасында тиісті оқыту курстары қолжетімді болып табылады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті