• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Қауіпсіздік Кеңесі аясында Қорғаныс министрлігі Президенттің тапсырмасын жүзеге асыруға кірісті

ҚР Қауіпсіздік Кеңесі аясында Қорғаныс министрлігі Президенттің тапсырмасын жүзеге асыруға кірісті

19 Шілде, 2016 17:04
Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалуы туралы ҚР Қауіпсіздік кеңесінің қортынды отырысындағы дерек бойынша ҚР Үкімет отырысында ҚР ҚК Бас штабының бастығы – қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сәкен Жасұзақов есеп берді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру бойынша ҚР Қауіпсіздік кеңесінің қортынды отырысындаға дерек бойынша, қорғаныс министрлігі ауыр жүк таситын әскери-көліктік ұшақтар алуды жоспарлап отыр. Аталмыш мәселе мүдделі мемлекеттік органдармен ақылдасылды. Қажет ұшақты алуға жұмсалатын қаржыға тапсырыс Қаржы министрлігіне жолданды»,-деді С.Жасұзақов.

Бұдан бөлек, отырыста қару-жарақ пен оқ дәрілерді сақтау орындарын технологиялық қамтамасыз ету және инженерлік құрылғылар мәселелері де көтерілді.

«Сонымен қатар, қару-жарақ пен оқ дәрілерді, әскери техникалар мен ең қажетті дүниелер сақталған орынды техникалық құралдармен күзету мақсатында қауіпсіздік күшейтілді. Қаржыға тапсырыс тиісті органдарға жолданды»,-деді С.Жасұзақов.

Сонымен қатар, отырыста  әскери бөлімшелердің қарауылы мен тәуліктік күзетті, жеке құрамды тиісті қажеттіліктермен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар