Қазақстанның алтын қоры жарты жылда 2,4 млрд долларға өсті - ҰЭМ

19 Шілде, 2016 16:53
Қазақстанның алтын жарты жылда 2,4 млрд долларға өсті, деді Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«2016 жылдың басында Қазақстанның алтын қоры 28,1 млрд долларды құрады, қазір көрсеткіш 30,5 млрд долларға өсті», - деді Қ.Бишімбаев.

Оның деректері бойынша елдің халықаралық резервтері 2016 жылғы 1 шілдеге 96,2 млрд. АҚШ долларын құрап, жыл басынан бері 5,2%-ға өсті, оның ішінде Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері 3,5%-ға,  65,7 млрд. АҚШ долларына дейін өсті және Ұлттық банктің алтын-валюталық активтері 9,4%-ға, 30,5 млрд. АҚШ долларына дейін өскен.  

Барлық жаңалықтар