- Басты
- Жаңалықтар
- Елдің халықаралық резерві 2016 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 96,2 млрд долларды құрады
Елдің халықаралық резерві 2016 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 96,2 млрд долларды құрады
«Кредиттеудің өсуі жанданғаны байқалады. 2016 жылғы қаңтар-мамырда экономикаға екінші деңгейлі банктердің жаңадан берген кредиттерінің көлемі 3,7 трлн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ға артық», - деді Қ.Бишімбаев.
Сонымен бірге, мұнай мен металдардың әлемдік бағасының төмендеуі нәтижесінде 2016 жылғы қаңтар-мамырда экспорт көлемі 31,8%-ға, 13,7 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарды.
«Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мұнайдың орташа әлемдік бағасы 30,8%-ға, барреліне 40,2 АҚШ долларына дейін, сондай-ақ металдар бағасының индексі - 18,1%-ға төмендеді», - деді ол.
«Сондай-ақ, импорттың 27,0%-ға, 9,2 млрд. АҚШ долларына дейін төмендегені белгілі болып отыр. Нәтижесінде сыртқы сауда айналымы 29,9%-ға, 23,0 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді. Дегенмен, сыртқы сауда сальдосы 4,5 млрд. АҚШ доллары деңгейінде оң болып қалуда», - деді министр.
Елдің халықаралық резервтері 2016 жылғы 1 шілдеге 96,2 млрд. АҚШ долларын құрап, жыл басынан бері 5,2%-ға өсті, оның ішінде Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері 3,5%-ға, 65,7 млрд.
«АҚШ долларына дейін өсті және Ұлттық банктің алтын-валюталық активтері 9,4%-ға, 30,5 млрд. АҚШ долларына дейін өскен», - деді ол.
Ботагөз Айтжанова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді