- Басты
- Жаңалықтар
- Бишімбаев: Жарты жылда Қазақстанның ЖІӨ өсімі 0,1% құрады
Бишімбаев: Жарты жылда Қазақстанның ЖІӨ өсімі 0,1% құрады
«Бірінші жартыжылдықта құрылыс (6,6%-ға), көлік қызметтері (4,3%-ға), ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру (2,7%-ға) және өңдеу өнеркәсібі (0,5%-ға) көлемінің ұлғаюы есебінен ЖІӨ-нің өсуі 0,1%-ды құрады», - деді Бишімбаев.
Бұдан басқа экономиканың алты негізгі салаларын қамтитын (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) қысқа мерзімді экономикалық индикатордың (ҚЭИ) өсу қарқынының оң серпіні байқалады. «Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ҚЭИ ағымдағы жылғы қаңтар-мамырдағы 99,0%-ға қарағанда 99,3%-ды құрады», - деп хабарлады Министр.
«Мұнай мен металдардың әлемдік бағасының төмендеуі нәтижесінде 2016 жылғы қаңтар-мамырда экспорт көлемі 31,8%-ға, 13,7 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарды. Импорттың 27,0%-ға, 9,2 млрд. АҚШ долларына дейін төмендегені белгілі болып отыр. Нәтижесінде сыртқы сауда айналымы 29,9%-ға, 23,0 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді. Дегенмен, сыртқы сауда сальдосы 4,5 млрд. АҚШ доллары деңгейінде оң болып қалуда», - деді Бишімбаев.
Оның деректері бойынша елдің халықаралық резервтері 2016 жылғы 1 шілдеге 96,2 млрд. АҚШ долларын құрап, жыл басынан бері 5,2%-ға өсті, оның ішінде Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері 3,5%-ға, 65,7 млрд. АҚШ долларына дейін өсті және Ұлттық банктің алтын-валюталық активтері 9,4%-ға, 30,5 млрд. АҚШ долларына дейін өскен.
Орташа айлық номиналды жалақының 9,9%-ға, 133,5 мың теңгеге дейін өскені белгіленді. Инфляция ағымдағы жылдың басынан бері (2015 жылғы желтоқсанға қарағанда 2016 жылғы маусым) 4,6%-ды құрады – деді Бишімбаев.
Ботагөз Айтжанова
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға