• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Байбек: Алматыдағы теракт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 15 млн теңге бағытталды

Б.Байбек: Алматыдағы теракт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 15 млн теңге бағытталды

19 Шілде, 2016 15:47
Жергілікті бюджеттен қаза тапқандардың отбасыларына 15 млн теңге, жараланғандардың отбасыларына 5 млн теңге бағытталды, деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек Үкімет отырысында.

«Бүгін СМС  таратылым бойынша қауіпсіздіктің сары дәрежесі орнатылғаны жіберілді. Барлық дүкендер мен қоғамдық нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде, күзет күшейтілді. Жағдай тұрақталды, барлығы бақылау үстінде. Елбасының тапсырмасымен таңертең әкімдіктің жалығымен қаза тапқандардың отбасыларына 15 млн теңге, жараланғандардың отбасыларына 5 млн теңге бағытталды», - деді Б.Байбек.

Ол сондай-ақ, жараланғандардың жағдайын білу үшін мемлекеттік мекемеге барғанын айтты.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар