- Басты
- Жаңалықтар
- «Ақтөбе» ФК футбол орталығының филиалдары Ақтөбе облысының барлық аудан орталықтарында ашылады
«Ақтөбе» ФК футбол орталығының филиалдары Ақтөбе облысының барлық аудан орталықтарында ашылады
Осыған орай аудан әкімдіктері, Ақтөбе облысының футбол қауымдастығы және облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының арасында үшжақты меморандумдарға қол қойылды. Құжатта тараптардың аудандарда «Ақтөбе» ФК футбол орталығы филиалдарын ашуға қатысты мәселер бойынша ынтымақтастық шарттары қарастырылған.
Меморандумдарды аудан басшылары, дене тәрбиесі және спорт басқармасының жетекшісі Ескендірбек Маханов, сондай-ақ «Ақтөбе облыстық Футбол қауымдастығы» ЗТБ президенті Гали Есқалиев бекітті.
Өздеріңізге белгілі, 2016 жылдың ақпан айында Ақтөбе облысының Футбол қауымдастығы аудандарда «Ақтөбе» ФК футбол орталығының филиалдарын ашу жөнінде бастама көтерген болатын. Ұсынысты облыс басшысы қолдады.
Осы жылдың тамыз айынан бастап, футбол орталығының филиалдары Әйтеке би, Алға, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Темір, Ойыл, Қобда және Мұғалжар аудандарында ашылады. Орталық филиалдары барлығы 9 ауданда жұмыс жасайды.
“Осыған дейін қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, «Ақтөбе» футбол клубы бапкерлердің еңбекақысы, оларды оқыту, жаттықтырушылар құрамы мен балаларды қажетті киім үлгілерімен, жаттықтыру процесін барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуді өз мойнына алады. «Ақтөбе» ФК шығындары облыстық бюджет есебінен емес, тек билет сатудан түскен кіріс есебінен өтеледі”, - деп атап өтті облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Ескендірбек Маханов.
Өз кезегінде, аудан әкімдіктері футбол орталығының филиалдарына жаттықтыру процесіне қажетті барлық инфрақұрылыммен, медициналық қамтамасыз ету, филиалдардың толыққанды жұмыс жасауы үшін қажетті өзге де көмек түрлерін көрсету жөнінде міндеттеме алды.
Қазіргі таңда «Ақтөбе» ФК футбол орталығы Қазақстан үшін арнайы сынақтан өткен неміс әдістемесі бойынша жұмыс жасайды. Филиалдарда да осы әдістемемен жұмыс жүргізілмек. Әр ауданда 7-8 және 9-10 жас аралығындағы екі топтан құрылады. Алдағы уақытта топтар мен мамандар саны көбейтіледі.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі