• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда астрономия бойынша Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар болды

Алматыда астрономия бойынша Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар болды

19 Шілде, 2016 20:14
Алматыда В.Г.Фесенкова атындағы Астрофизика институты базасында «Ұлттық ғарышты зерттеу мен технология орталығы» Қазғарыш АҚ-да «Астрономиялық нысандардың спектрофотометриясы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар болды.

Семинар жұмысына Қазақстан, Ресей, Германия, Украина, Моңғолия, Армения, Грузия, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің ғылыми ұйымдарының өкілдері қатысты.

Шараның негізгі мақсаты дүниежүзілік астрономиялық зерттеулерде, ғылыми интеграциялық қызметте заманауи бағдарламалық құралдар мен өнімдерді игеру болып табылады, деп хабарлады Қазғарыштан.

Айта кеткен жөн, аталмыш мәселе бүгінгі уақытта өзекті және маңызды болып отыр. Цифрлы технологияны пайдаланудың арқасында астрономиялық зарядты байланыс туып, бұрын қол жетпеген процестерді меңгеру мүмкіндіктері пайда болады.

Жаңа цифрлы технологиялар мен байланыс жүйесінің дамуы астрономдардың тақырыптық топтарын біріктіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, түрлі елдердің жұмыс тиімділігін арттыруға жол ашылады. 

Барлық жаңалықтар