- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2017 жылғы 1 шілдеден бастап көлік құралдарына арналған электронды төлқұжаттар енгізіледі
Қазақстанда 2017 жылғы 1 шілдеден бастап көлік құралдарына арналған электронды төлқұжаттар енгізіледі
Сонымен қатар, электрондық төлқұжаттар жүйесі ЕурАзЭҚ кеден шекарасы арқылы өту кезінде көлік құралдарын қадағалау тәртібін жеңілдетуге, осы саладағы құқық бұзушылықтарды мемлекеттік есепке алуды және бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі N 122 шешімімен Көлік құралдарының электрондытөлқұжаттары мен өздiгiнен жүретiн машиналардың, сондай-ақ техниканың өзге де түрлерiнің электронды төлқұжаттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі бекітілді. Осы құжатқа сәйкес 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ЕурАзЭҚ аумағында толығымен көлік құралдарына жалпыға бірдей электронды төлқұжаттар енгізіледі, ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап - өздігінен жүретін көлік құралдары мен басқа да техника түрлеріне де енгізіледі», - делінген хабарламада.
Көлік құралдарының иелері үшін көлік құралдары, шасси, өздігінен жүретін көлік құралдары және басқа да техника түрлеріне қатысты жүріп-тұру, сатып алу мен сату және басқа да құқықтық шаралар кезіндегі тиісті рәсімдер (ұсынылатын қағаз құжаттар саны, оларды қарау мерзімдері қарастырылады) оңтайландырылады.
Төлқұжатты көлік құралдарын шығарушылар, сондай-ақ тиісті тізілімге енгізілген уәкілетті органдар мен ұйымдар рәсімдейді.
Бірыңғай ақпараттық жүйедегі көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша электрондық төлқұжаттың мәртебесін анықтауға болады: қолданыстағы, күші жойылған немесе қолданыстан алынған. Автокөлік иесінің қолына көлік құралының электрондық төлқұжатының үзіндісі беріледі. Алайда, электрондық төлқұжат техникалық төлқұжатты (көлік құралын тіркеу туралы куәлік) алмастырмайды, ол көлік құралының тіршілік циклы мерзіміндегі ілеспе құжат болып табылады. Бүгінгі таңда электронды төлқұжаттың қазақстандық жүйесін құру жұмыстары жүргізілуде, болашақта бұл жүйе ЕурАзЭҚ-қа қатысушы басқа мүше-мемлекеттердің жүйелерінде интеграцияланатын болады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады