- Басты
- Жаңалықтар
- Қазатомөнеркәсіп және қытайлық компаниялар атом саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Қазатомөнеркәсіп және қытайлық компаниялар атом саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Компаниялар басшылары бірлескен қазақстан-қытай жобаларын одан әрі жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атом саласына инвестиция тарту мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, сапар барысында Қазатомөнеркәсіп басшысы «CNNC» (China National Nuclear Corporation) директорлар кеңесінің төрағасы Сунь Циньмен (Sun Qin) және «CITIC GROUP Corporation» Қазақстандағы бас директоры Сунь Янмен (Sun Yang) кездесті.
Тараптар атом энергетикасын дамыту саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады. Нақты айтқанда, табиғи уранды Қазақстаннан Қытай аумағы арқылы транзиттеу, ҚХР-на отын таблеткаларын жеткізіп беру, бірлесе уран өндіру, Қазақстанда конверсиялық зауыт салу, ядролық технологияларды медицинада қолдану мәселелері қарастырылды. Кездесу қатысушылары өзара тиімді ұзақ мерзімді және стратегиялық серіктестікке мүдделі екендіктерін атап көрсетті.
Қытайлық әріптестерінің шақыруымен Асқар Жұмағалиев Хунань провинциясының Хэнъян қалалық округындағы конверсиялық зауытта болып, уран гексафторидын өндіру технологиясымен танысты.
Сондай-ақ, Қазақстанның ұлттық атом компаниясының басшысы Қытайдың бас ядролық-энергетикалық корпорациясы (CGNPC) бас директоры Чжан Шаньминьмен (Zhang Shanmin) кездесті. Тараптар екі жақты қарым-қатынастардың түрлі қырларын талқылап, өзара тиімді ынтымақтастықты іске асыру жөніндегі талпыныстарға жоғары баға берді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда жылу бөлгіш құрамалар өндіретін зауытты жобалау және салу бойынша коммерциялық шарттар туралы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен қытайлық CGNPC (China General Nuclear Power Corporation) арасындағы Келісімге қол қойылған болатын. «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ базасында ҚХР атом электр станцияларына арналған отын таблеткаларын шығаратын, жылдық өндірістік қуаты 200 тонна ЖБҚ ие кәсіпорын құрылуда.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы