- Басты
- Жаңалықтар
- 600 жамбылдық «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін-2050» жобасы аясында ЖОО-да білім алуда
600 жамбылдық «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін-2050» жобасы аясында ЖОО-да білім алуда
С.Керімбекұлының айтуынша, «Мәңгілік ел жастары индустрияға» - «Серпін - 2050» жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік жобалардың бірі. Жоба аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары, өндіріс орындары дамыған, жұмысшы күшіне қажеттілік қалыптасып отырған солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде тегін білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.
Жоба биыл 3-ші жыл жүзеге асырылғалы отыр. Жыл сайын жобаға қатысатын оқу орындарының желісі артып келеді. 2014 жылы 25 колледж, 7 жоғарғы оқу орны болса, 2015 жылы 33 колледж, 19 жоғарғы оқу орнын құрады. Биылғы жылы 30 колледжге 1050 мемлекеттік білім беру тапсырысы, 24 жоғарғы оқу орындарына 3162 мемлекеттік гранты бөлініп отыр.
«Жамбыл облысынан соңғы 2 жылда жоба аясында оқуға қабылданған 615 белсенді жастарымыз (2014 жылы - 172, 2015 жылы – 443), бүгінде Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Батыс, Шығыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында білім алуда. 615 білімгердің 443-і жоғарғы оқу орындарында, 172-і техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алуда. Жоба аясында жоғарғы оқу орындарына түскен білімгерлер шәкіртақымен, өңірлерге бір рет барып-қайту жолақысымен және жатақханамен, колледжге түскен білімгерлерге аталған жеңілдіктерге қосымша үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілуде”, - деді ол.
Жобаға қатысушы өңірлердің өкілдерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтынан, Жамбыл политехникалық колледжінен арнайы кабинеттер бөлініп, жарнамалық баннерлер мен плакаттарды орналастыру үшін орындар қарастырылды. Кабинеттер интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталды. Тараз қаласында жоғарыда аталған жоғарғы оқу орындарының базасында жобаға қатысу үшін конкурстық құжаттар үстіміздегі жылдың 23-31 шілде аралығында қабылданады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды