- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметі 2013-2015 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджетті іске асыру бойынша Қаулыны қабылдады
ҚР Үкіметі 2013-2015 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджетті іске асыру бойынша Қаулыны қабылдады
«Бюджет қаражатын жұмсаудың артықшылықтарын анықтайтын Қаулы жобасы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев баяндама жасады», - делінген хабарламада.
Бұл құжатпен «бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған 2013 жылғы бюджетке енгізілген өзгерістер орындауға қабылданғанын» атап өтіп, министр оның нақтыланған параметрлеріне тоқталды.
Министр хабарлағандай, «2013 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері 5 242,5 млрд. теңге көлемінде немесе ағымдағы бюджетпен (5 228,4 млрд. теңге) салыстырғанда 14,4 млрд. теңгеге өсумен айқындалды. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері бекітілген 1 380 млрд. теңге деңгейінде сақталады. Республикалық бюджет шығыстары ағымдағы бюджетпен салыстырғанда 65,6 млрд. теңгеге төмендей отырып, 6 033,4 млрд. теңге сомасында көзделіп отыр».
Е.Досаевтың айтуынша, құжат «Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес қалыптастырылды, ол жергілікті атқарушы органдарға берілетін нысаналы трансферттердің сомалары, 2013-2015 жылдарға арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі және 2013 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалар тізбесі бойынша нақтылау кезінде жүргізілген өзгерістерді қамтиды». Бұдан өзге, онда «жобада бюджет қаражатын игеруді жақсарту мақсатында бағдарламалар мен кіші бағдарламалар ішінде бұрын жүргізілген қайта бөлулер ескерілді».
Үкімет басшысы республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдеріне бюджет қаражаттарын уақытылы игеру бойынша қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырды. Республикалық бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне заңнамамен бекітілген тәртіпте қалыптастырылған түзетілген стратегиялық жоспарларды Үкіметке енгізуді қамтамасыз ету қажет.
Үкімет басшысы мемлекеттік органдар басшыларының, министрлердің, облыс әкімдерінің назарын «2013 жылдың бюджетін сөзсіз орындауға» аудартып, «2013 жылдың бюджетін игеру қортындысы бойынша сәйкес шешімдер, оның ішінде жазалар бойынша шешімдер қабылданатынын» басып айтты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды