- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында 61 мыңнан астам тұрғын 800 млн теңгенің әлеуметтік көмегіне ие болды
Қызылорда облысында 61 мыңнан астам тұрғын 800 млн теңгенің әлеуметтік көмегіне ие болды
Брифингте басқарма басшысы ағымдағы жылдың І жартыжылдығында басқармамен атқарылған жұмыстарды әр бағыт бойынша баяндап берді. Сонымен қатар саладағы жағымды жаңалықтарға ерекше тоқталды.
Жыл басынан бері 61 мыңнан астам аз қамтамасыз етілген азаматтарға 800 млн. теңгеге жуық әлеуметтік көмектер мен балалар жәрдемақысы төленді.
Биылғы жылдан бастап шартты ақшалай көмек көрсету пилоттық жобасы барлық аудандар мен Қызылорда қаласында жүзеге асырылуда, Нәтижесінде, көмек алған отбасылардың жан басына шаққандағы табыстары 2 есеге ұлғайды.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қайырымдылық көмек көрсету аясы 4,5 есеге артты.
2013 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға білім беру қызметіне ақы төлеу үшін бөлінетін облыс әкімінің гранты 500 - ге жеткізілді.
2016-2017 жылдарға арналған облысымыздың барлық саласы бойынша мүгедектерге көрсетілетін қолдаудың іс-шаралары толығымен қамтылған Жол картасы бекітіліп, тиісті шаралар атқарылуда.
Әлеуметтік таксидің қызмет көрсету аясы кеңейтіліп, Қызылорда қаласында бүйрек ауруларына (диалез) ұшыраған және 1 топ көз мүгедектеріне 2 көлік қызмет жасауда.
Талсуат елді мекеніндегі 300 орындық психоневрологиялық интернат үйі жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.
Қызылорда қаласынан жаза өтеу орындарынан босатылған тұлғалар үшін әлеуметтік бейімдеу орталығы осы шілде айында ашылып, жұмысын бастады.
Жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 18 мың адамның, 6 мыңнан астамы жұмыспен қамтылды.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы 4 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылып,300-ге жуық адам шағын несие алуға қол жеткізді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері