- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарда «Қаз қонақ» табиғи ескерткішінің аумағы реттелді
Павлодарда «Қаз қонақ» табиғи ескерткішінің аумағы реттелді
"Қаз қонақ" табиғи ескерткішін абаттандыру жұмыстары мамыр айында бұл жерге Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов келіп-кеткен соң басталған болатын. Сонда әкім табиғи ескерткіштің Қала күніне дейін абаттандырылуы тиіс деп тапсырған болатын. Содан бері бар-жоғы екі-ақ ай өтті, ал ескерткіш аумағында жаяу жүргінші жолы абаттандырылған, 1000 метр қоршау қойылған, қосымша жарық берілген, сондай-ақ Ертіс өзеніне кететін суағар жасалды.онымен қатар, бұл жердегі көгал, ағаштар ретке келтірілді, суару жүйесі өткізілді және табиғи ескерткіштің тарихы көрсетілген ақпараттық тақта орнатылды. "Қаз қонақ" табиғи ескерткішіндегі «Жасыл Ел» жасағының сарбаздары және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының палеонтологиялық жасағының студенттері атқарған барлық жұмыс демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылды.
«Бұған дейін "Қаз қонақ" табиғи ескерткішінің аумағы тек сенбілік ұйымдастырылғанда ғана ретке келтірілетін, - деді Павлодар география үйінің басшысы Александр Вервекин. «Қоғамшылдар бұл табиғи ескерткішті абаттандыру мәселесін сан рет көтергеніне қарамастан іс алға жылжымаған болатын. Бүгін бұл мәселеде сөзден іске көшкеніміз» - ілгері үлкен қадам жасағанымыз.
Айта кететіні, "Қаз қонақ" табиғи ескерткіші аумағында атқарылған жұмыс осымен тәмам емес. Табиғи ескерткішке келген Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов табиғи ескерткішті абаттандыру жұмыстары жалғасын тауып, соңына дейін жеткізілетінін атап айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Stop Musor: «Қазақстан қалаларын қоқыс басып барады» -
«Қазақ халқына көреген Ұлы көшбасшы бола білді»: Назарбаев хақында шетелдік сарапшылар пікірі -
«Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне 100 жыл -
Жанкент қалашығының аумағында археологиялық парк салынбақ