• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мерзімдік бағдарлама бойынша Азық-түлік корпорациясы шаруаларды бидай сатып алу үшін 14 млрд. теңгемен қаржыландырды

Мерзімдік бағдарлама бойынша Азық-түлік корпорациясы шаруаларды бидай сатып алу үшін 14 млрд. теңгемен қаржыландырды

16 Шілде, 2016 14:18
2016 жылдың 15 шілдедегі жағдай бойынша Азық-түлік корпорациясына ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерден 14,1 млрд. теңгеден астам сомада қаржыландыру туралы тапсырыс түскен. Тапсырысты қарағаннан кейін және ӘКК кепілдігін алған соң 13,9 млрд. теңгеден астам сомамен қаржыландырды.

Ұлттық компаниядан хабарланғандай, биыл 1 маусымда Қостанай облысы әкімдігінің қосымша несиелік ресурстың қажеттілігі туралы ұсынысымен мерзімдік сатып алу сомасын 1,4 млрд теңгеге арттыру туралы шешім шыққан болатын. Бағдарлама бойынша жалпы қаржыландыру көлемі 15,4 млрд. теңгені құрады.

«2016 жылдың 15 шілдедегі жағдай бойынша Азық-түлік корпорациясына ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерден 14,1 млрд. теңгеден астам сомада қаржыландыру туралы тапсырыс түскен. Тапсырысты қарағаннан кейін және ӘКК кепілдігін алған соң 13,9 млрд. теңгеден астам сомамен қаржыландырды»,-делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар