• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев Қазақстанның Беларусьпен екі жақты ынтымақтастығы мәселелері бойынша кеңес өткізді

Б.Сағынтаев Қазақстанның Беларусьпен екі жақты ынтымақтастығы мәселелері бойынша кеңес өткізді

15 Шілде, 2016 17:13
Үкімет Үйінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасымен екі жатқы ынтымақтастығы мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес қатысушылары өзара сауда, өнеркәсіп кооперациясы, ғарыш саласы, АӨК, гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлады pm.kz.

Кеңес барысында 21-22 шілдеде Гомельде өтетін Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысын дайындау барысы талқыланды. 

 

Барлық жаңалықтар