Б.Қабылбеков: ҚР азаматтары медиация қызметімен айналыса бастады

15 Шілде, 2016 16:42
Қазақстан азаматтары медиация қызметімен айналыса бастады, деді Астананың Алматы аудандық сотының судьясы Бейбітжан Қабылбеков жылдың бірінші жартысындағы нәтижеге арналған брифингте.

«Сот  өзгертулер туралы жұмысты жалғастыруда, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық процессуалдық кодекс  қабылданды. Бұл бағыт бойынша сот процедураларды жақсартып жатыр. Егер өткен жылы келістіру  шаралары  өндірістік істер бойынша 168 болса, биыл  205 азаматтық істі құрады. Сот келісім орнатқан   азаматтық істер әлемдік келісім бойынша бекітіледі», - деді ол.

Судья айтып өткендей, келісілген процедураларды қолдану  еңбек дауларында орын алады. Айта кетерлігі, келістіру үрдістері барлық азаматтық дауларда қолданылады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар