- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда запастағы 200 офицердің әскери оқу-жаттығу жиындарына алғашқы жөнелтілуі өтті (ФОТО)
Алматыда запастағы 200 офицердің әскери оқу-жаттығу жиындарына алғашқы жөнелтілуі өтті (ФОТО)
Жиын жауынгерлікке барынша жақындатылған далалық жағдайда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығының базасында өтуде. Әскери міндеттілер палаткалы лагерьде орналастырылды, азық-түлікпен, киім-кешек мүлкімен, далалық сабақтарға арналған әскери киім нысаны және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етіледі.
Палаткалы қалашықта сабақтарды сапалы өткізу және әскери міндеттілердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Ақпараттандыру, тәрбие жұмысы және тынығу бөлмесі, ауыз сумен ұдайы қамтамасыз ету пункті, душ қабылдау кабиналары, медициналық пункті.
Екі апталық жиында запастағы офицерлерді мотоатқыш, танк әскерлері және артиллерия әскерлері мамандықтары бойынша взвод командирінің іс-қимылдарына оқытып-үйретеді. Бұл ретте практикалық сабақтарға негізгі назар аударылған.
Қатысушылар радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, тактикалық даярлық, әскери топография, байланыс құралдары, жалпыәскери жарғылар бойынша оқып-үйренеді. Одан басқа, оқ ату мен саптық даярлықтың тереңдетілген курсы.
Әскери жиын аяқталғаннан кейін оқуды сәтті аяқтаған және оң мінездеме алған әскери міндеттілерге кезекті әскери атақ тапсырылады. Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментіндей атап өткендей, мұндай жиындар армияның резервісі болып табылатын әскери міндеттілерді даярлауды, демек, еліміздің Қарулы Күштерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін жетілдіруге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы әскери жиындар ҚР ҚК-нің әртүрлі полигондары мен әскери бөлімдерінде өткізілуде.
ҚӘ ӘИ оқу-жаттығу орталығының базасындағы сабақтарға запастағы 300 офицер тартылады. Кейіннен тағы да 200 әскери міндетті Алматы өңірлік гарнизонының Әскери полиция жасағына жөнелтіледі. Ең соңында Гвардейск қүк. оқу-жаттығу орталығына 300 әскери міндеттіні жөнелту жүзеге асырылады. Осылайша, жалпы алғанда, осы жылы 800-ге жуық әскери міндетті жиыннан өтеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу