- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Ұлан-Батырда бірқатар екі жақты кездесулер өткізді
ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Ұлан-Батырда бірқатар екі жақты кездесулер өткізді
Атап айтқанда, Чехия Республикасының Президенті Милош Земанмен әңгімелесу барысында Кәрім Мәсімов машина жасау және ауыл шаруашылығы салаларындағы қазақстандық-чех ынтымақтастығын дамытуға әлеуетті айтып өтіп, Қазақстан Чехияны маңызды экономикалық серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын айтты, деп хабарлады pm.kz.
Саммит алаңдарында К. Мәсімов Моңғолия Премьер-министрі Жаргалтулга Эрдэнэбатпен кездесіп, АСЕМ саммитінің сәтті өтуімен құттықтады.
ҚР Премьер-Министрінің пікірінше, Ұлан-Батырда аса жоғары деңгейде форум өткізу елдің алдағы дамуына септігін тигізеді.
Тараптар екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және екі елдің бизнес қауымдастықтарының байланыстарын нығайту мәселелерін талқылады.
К.Мәсімов біздің елдердің арасындағы сауда айналымын арттыруға зор әлеуетті айтып өтіп, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және сауда-экономикалық қатынастарды жандандыруға дайындығын білдірді.
Оның пікірінше, өзара тиімді серіктестікті реттеу үшін аса перспективалы салалар энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй құрылысы, алтын және уран өндіру және өңдеу болып табылады.
Финляндия Премьер-министрі Юхой Сипилямен әңгімелесу барысында К. Мәсімов жан-жақты экономикалық ынтымақтастыққа қызығушылығын білдіріп, финдік серіктестерді Қазақстан аумағында бірлескен жобаларға қатысуға шақырды.
Сондай-ақ, К.Мәсімовтің Нидерланды Премьер-министрі Марк Рюттемен кездесуі өтті. Келіссөздер барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты дамыту перспективаларын қарап, сауда-инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделіліктерін құптады.
Қазақстан Премьер-Министрі мен Румыния Премьер-министрі Дачиан Чолоштың кездесуінде өзара сауда және инвестицияларды арттыруға және кеңейтуге мүмкіндіктері, сондай-ақ БҰҰ, ОБСЕ және басқа халықаралық ұйымдар аясында бірлескен күш-жігерді үйлестіру талқыланды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары