- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында өрт сөндіру бекеттері ашылды
Павлодар облысында өрт сөндіру бекеттері ашылды
Өрт сөндіру бекетінің ашылуына ауыл ақсақалдары және тұрғындары риза болды, өйткені осы елді мекен аудандық орталықтан шалғайда орналасқан. Өрт сөндіру машинасының келуі көп уақыт алатын, бұл туындаған өрттің салдарына қатты әсерін тигізетін.
“Павлодар облысының аумағын дамыту бағдарламасына сәйкес және өңір басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Баянауыл ауданының Теңдік, Жаңатілек және Құндыкөл шалғай орналасқан елдімекендерінде жергілікті атқарушы органдар өрт сөндіру бекеттерін ашты. Бұл мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бөлімшелері жоқ ауылдар”, - делінген хабарламада.
Бұл елдімекендерде өрт бекеттерін құру Баянауыл ауданы аумағының жартысын қамтуға және өрттер мен өртенулерге жедел ден қоюға, тұрғын үй секторларындағы, сондай-ақ табиғи өрттерін, ауданның өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдарын тартпай-ақ сөндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар шалғай елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастырудың басты бағыттарының бірі елді мекендерде жұмыс орындарын құру.
Өрт бекеттерінің жұмысы үшін Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен АЦ-40 өрт сөндіру техникасының 3 бірлігі тапсырылды. Бұдан басқа, әр өрт сөндіру бекетіне жергілікті тұрғындардың санынан 3 жүргізушіні қабылдады, олар Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Кәсіби даярлау мектебінде оқуды өтті. Оқу барысында тыңдаушылар кәсіби жүргізушілер мен өрт сөндірушілерді даярлау бағдарламасы бойынша оқытылды.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Шомылу маусымы кезіндегі қауіп-қатер мен өрт қаупін алдын алу шаралары -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр