- Басты
- Жаңалықтар
- «Азаматтарға арналған үкімет» қызмет көрсету сапасын әрі қарай арттыру шараларын қабылдауда
«Азаматтарға арналған үкімет» қызмет көрсету сапасын әрі қарай арттыру шараларын қабылдауда
Жиын барысында Қоғамның даму стратегиясы бекітілгені айтылды. Сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның жұмыс тиімділігін арттыру, бизнес-процестерді оңтайландыру арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, композиттік қызметтерді ендіру, қызметтердің толық топтамасын көрсету, азаматтардың электрондық құралдар арқылы алатын қызметтер үлесін ұлғайту, фронт-офистерді жаңғырту мақсатында корпорация құрылымын қайта ұйымдастыру қарастырылды. Оның бағалау өлшемі - сапа менеджменті стандарттарының ISO 9000 сериясы өлшемі болады.
«Филиалдар қызметін бағалау үшін KPI деп аталатын «Негізгі тиімділік көрсеткіштері» әзірленді. Мұнда мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету үлесі, композиттік қызметтерді ендіру, фронт-офистерді жаңғырту және т.б. көрсеткіштер көрсетілді. Аталған көрсеткіштерді ендіру біздің филиалдарымыздың жұмыс тиімділігін бағалауға және өңірлердегі шынайы көрінісін анықтауға мүмкіндік береді», - дейді Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.
Сондай-ақ жиын барысында Мемлекеттік корпорация қызметкерлері арасында өткізілген үздік инновациялық идеялар байқауының қорытындысы шығарылды. Тоқсан қорытындысы бойынша 156 өтініш түсіп, оның ішінде перспективалық 3 идея іріктеліп алынды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы берілді.
Естеріңізге сала кетсек, Мемлекеттік корпорация осы жылдың сәуір айында құрылды. Ол "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК, "Жылжымайтын мүлік орталығы" РМК, "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМҚК және "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" РМК - төрт негізігі РМК-нің бірігуі арқылы құрылды. Бүгінгі таңда ол «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа 530 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді