- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысының әкімдігі «Казкоммерцбанк» АҚ-пен бірлесе отырып, өңірде бизнесті дамытады (ФОТО)
Ақтөбе облысының әкімдігі «Казкоммерцбанк» АҚ-пен бірлесе отырып, өңірде бизнесті дамытады (ФОТО)
Кездесу барысында тараптар Ақтөбе облысының әкімдігі мен «Казкоммерцбанк» АҚ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжат Ақтөбе облысында кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау үшін бірлесіп жұмыс істеуді көздейді.
«Казкоммерцбанк» АҚ Қазақстандағы жүйе қалыптастырушы ірі банктердің бірі. Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында аталған екінші деңгейлі банктің 21 бөлімшесі жұмыс жасайды. «Казкоммерцбанк» АҚ Ақтөбе филиалы тек облыс орталығын ғана емес, облыс аудандарын да қамту жағынан 2 орында. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Казкоммерцбанк» АҚ Ақтөбе филиалының бөлшек депозиттер, банкоматтар желісі, аударма, коммуналдық және өзге төлемдер қабылдау, ипотекалық/тұрғын үй займдарын қайта қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруда көш бастап кележатқанын жеткізді.
Банк кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың барлығына қатысып келеді. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырылғалы банктің Ақтөбедегі филиалы 125 жобаны мақұлдады. Айта кету керек, банк мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктері негізінде жобаларды жүзеге асыруға атсалысуға ниеттеніп отыр. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында 60 орынға есептелген офтальмологиялық аурухана құрылысын қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылуда. Жоба құны - 2,3 млрд. теңге.
“Бүгін қол қойылған құжат Ақтөбе облысындағы кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар қалыптастыру және ынтымақтастық орнатуға септігін тигізеді деп сенемін. Сонымен бірге, қайырымдылық, меценаттық, сондай-ақ әлеуметтік қолдау, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді де қолдау саласында ынтымқатастық орнату әлекуеті бар екенін айта кеткен жөн”, - деді Бердібек Сапарбаев.
Облыс әкімі Ақтөбе қаласында Батыс Қазақстанның төрт облысына қызмет көрсететтін қаржы кластерін құру жөнінде жоспарларымен бөлісті.
«Казкоммерцбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Марк Хольцман мырза өзі басқарып отырған қаржы институты аталған бастаманы қолдайтынын жеткізді. Ол сондай-ақ Ақтөбеде «Казкоммерцбанк» АҚ call-орталығы ашылатынын, онда бүкіл Қазақстанға қызмет көрсетілетінін жеткізді. Айта кетейік, call-орталық толық күшіне енгенде 100 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.
Кездесу соңында Марк Хольцман мырза банк қызметкерлері атынан Ақтөбе облыстық ауруханасының перинатальды орталығында орнатылған жасанды тыныс алу аппаратына қажетті шығын материалдарына сертификат табыстады. Мұндай аппараттар мерзімінен ерте туған балаларды жетілдіру үшін пайдаланылады. Құны 1,2 млн теңге болатын шығын материалдары ауруханаға жеткізілді.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы