- Басты
- Жаңалықтар
- «Денсаулық жолы - 2016» жылжымалы медициналық кешендері 7 облыстың шалғай аудандарына барады
«Денсаулық жолы - 2016» жылжымалы медициналық кешендері 7 облыстың шалғай аудандарына барады
20 маусым мен 20 шілде аралығында облыстық туберкулезге қарсы диспансер мамандары Батыс Қазақстан облысының Ақжай, Теректі, Қазтал, Бұрлы аудандарында флюорографиялық тексеру жүргізеді.
11 шілдеден бастап бейінді мамандар бригадасы әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте кезде анықтап, оларды әрі қарай диспансерлік бақылау мен сауықтыру мақсатында Ақтөбе облысының Темір, Ырғыз, Ойыл аудандарының тұрғындарына кеңес беріп, профилактикалық тексеру өткізеді.
12 шілдеден бастап жылжымалы медициналық кешен Қарағанды облысының Шет ауданына (Ақшатау, Кеңшоқты, Талды, Ақшоқы, Ақой, Батық, Дария) барады. Профилактикалық тексеру мен консультативтік-диагностикалық көмек көрсету мақсатында Балқаш қаласы №1 емханасының дәрігерлері (терапевт, педиатр, хирург, офтальмолог, оталаринголог, стоматолог, акушер-гинеколог, врач-ренгтенолог) және салауатты өмір салты облыстық орталығынң мамандары шақырылды.
Павлодар облысы Шарбақты және Ертіс аудандарының тұрғындары 18-21 шілде аралығында терапевт, педиатр, окулист, отоларинголог, гинеколог, стоматолог мамандарынан кеңес алып, анализдер тапсырып, рентгендік тексеруден өте алады.
19-25 шілде аралығында Қостанай облысында терапевтік, кардиологиялық және онкологиялық қызметтер мамандарының мобильді бригадасы Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл аудандарына барады.
18-29 шілде аралығында дәрігерлер (терапевт, кардиолог, гинеколог, травматолог, ультрадыбыс және ренгтенологиялық тексеру мамандары) бригадасының Маңғыстау облысы Түпқараған ауданына баруы жоспарланып отыр.
19-21 шілде аралығында Алматы қаласы медицина ұйымдарының мамандары «Барлык», «Казына», «Кенжехан» әмбебап базарларында қала тұрғындары үшін консультациялар және лабораториялық-диагностикалық зерттеулер өткізеді.
20 шілдеде жылжымалы медициналық кешеннің Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылына баруы жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Тоқаев келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдырмақ -
Қ.Тоқаев: Локдауннан ертерек шығудың бірден-бір жолы – вакцина -
Алаштың Ахаңы: өмір жолы мен өміршең идеялары -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі