- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар салық төлерде электрондық қызметке жүгінетін болды
Қазақстандықтар салық төлерде электрондық қызметке жүгінетін болды
14 Шілде, 2016 18:29
Комитет көрсететін 53 мемлекеттік қызметтің 64 пайызы электрондық түрде көрсетіледі. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік қызмет басқармасының жетекшісі Нұрлан Рахымғалиев ведомстводағы брифингте айтты.
«Комитет мемлекеттік қызметтің 53 түрін көрсетеді, оның ішінде 32- салық бағыты болса, 20-кедендік және біреуі экономикалық зерттеу қызметі. 24 салық қызметі «Мемлекеттік корпорация», «Азаматтарға арналған Үкімет» арқылы жүзеге асырылады. Комитет көрсететін 53 мемлекеттік қызметтің 64 пайызы электрондық түрде көрсетіледі», - деді Н.Рахымғалиев.
Хабарланғандай, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша мемлекеттік кірістер органдары 9,4 млн қызмет көрсеткен, ал 2015 жылы аталмыш қызмет түрі 8,6 млн теңгені құраған болатын.
Н.Рахымғалиевтің айтуынша, электрондық форматта 7,9 млн қызмет немесе 84 пайыз, қағаз түрінде 1,5 млн немесе 16 пайыз қызмет көрсетілсе, мемлекеттік корпорация 19 132 қызмет көрсетті.
Ботагөз Айтжанова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар