- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасына Ақмола облысының әкімі мемлекеттік бағдарламлардың жүзеге асырылу барысын баяндады
Елбасына Ақмола облысының әкімі мемлекеттік бағдарламлардың жүзеге асырылу барысын баяндады
Кездесу барысында С.Кулагин Мемлекет басшысына өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев өндіріс көлемін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатымен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстарын жалғастыру қажеттігіне назар аударды. Қазақстан Президенті жылу беру маусымына уақытылы әрі сапалы дайындалудың маңыздылығын да атап өтті.
Ақмола облысының әкімі биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша нақты сектор салаларында өсім көрсеткіші қамтамасыз етілгенін айтты. Айталық, өнеркәсіп саласында өндірістің нақты көлем индексі 106,5%-ке жетіп, республика бойынша көшбасшы көрсеткішке айналды.
С.Кулагиннің айтуынша, Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған 62 жоба 6 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген. Жыл аяғына дейін тағы 20 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған. Ауыл шаруашылығында мал басы мен құстың өсімі қамтамасыз етіліп, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі ұлғайды. Өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 4,2 миллион гектар болса, соның 3,8 миллион гектарына астық егілген.
Қазақстан Президентіне Астананың айналасында «азық-түлік белдеуін» дамыту аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен іске қосу жоспарланып отырған бірқатар жаңа жобалар туралы да баяндалды.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы