- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Германия тұрғын үй құрылыс жинағы саласындағы одан әрі қарай ынтымақтасу перспективаларын талқылады
Қазақстан мен Германия тұрғын үй құрылыс жинағы саласындағы одан әрі қарай ынтымақтасу перспективаларын талқылады
«Баушпаркассе Швебишь Халь» қызметтері Қазақстанды қызықтырады, оның үстіне Банк бүгінгі уақытта шетелде қаржыландыруда халықаралық тәжірибесі бар Германиядағы жалғыз құрылыс жинақ кассасы»,- деді Ерболат Досаев.
«Бәйтерек» холдингінің басшысы қазақстандық «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ны (Холдингтің еншілес ұйымы) құру кезінде негізге неміс банкінің үлгісі алынғандығын тілге тиек етті.
Өз кезегінде Райнхард Кляйн тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін дамытуда қазақстан-герман ынтымақтастығын нығайтуға мүдделі екендігін білдірді. Сондай-ақ неміс банкирі екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынастардың оң сипатқа ие екендігін айтты.
Екі тарап арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың түйінді қадамы – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «Баушпаркассе Швебишь Халь» банкі арасында 2015 жылғы шілде айында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум болды.
Кездесу қорытындысы бойынша Ерболат Досаев пен Райнхард Кляйн Қазақстан Республикасы тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесін дамытуға Банктің әріптестік қатысуы шеңберінде «Бәйтерек» холдингі мен «Баушпаркассе Швебишь Халь» өзара тиімді ынтымақтастығы туралы келісті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды