- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «ҚР Тұңғыш Президенті – тәуелсіз мемлекеттің символы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция басталды
Астанада «ҚР Тұңғыш Президенті – тәуелсіз мемлекеттің символы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция басталды
«Конференцияның мақсаты – мемлекеттің қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлін айшықтау, оның саяси және әлеуметтік-экономикалық сәтті реформаларын, сонымен қатар бейбітшілік пен келісімді құруға сіңірген еңбегін, елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуі: тәуелсіз мемлекеттің тұрақты дамуының іргетасы болып табылатын Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың саяси идеясы айналасына қоғамды насихаттау», - делінген хабарламада.
Шараға қатысуға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Астана қалалық мәслихат депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар мен сарапшылар, саяси партия мен үкіметтік емес ұйымдардығ, сонымен қатар БАҚ өкілдері шақырылды.
«Қазіргі Қазақстанның қалыптасу мен дамуында Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі мен тарихи миссиясы орасан. Оның тікелей араласуымен ірі құқықтық, экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жасалды. Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы, Тұңғыш Президент жаһандық дәрежеде қолдау тауып, елді төрткүл дүниеге танытқан көптеген бастамалардың авторы», - дейді шараны ұйымдастырушылар.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар Н.Назарбаев жайында «Бір елдің қарқынмен дамуы бір ғана қайраткердің еңбегіне байланысты болатыны тарихта көптеп кездеспейді. Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы Елбасы өзінің ерен еңбегімен, көрегенді саясатымен халықтың көшбасшысы болып, қиын-қыстау кезеңдерді халықты аман-сау алып шықты» деген пікірлерін ортаға салды.
Осы орайда конференцияны ұйымдастырудың маңызы Ұлт Көшбасшысының саяси және қайраткерлік портретін танытуға мүмкіндік бермек.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды