- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Ахметов: Өскемен әуежайында жаңа терминал 2017 жылы салынады
Д.Ахметов: Өскемен әуежайында жаңа терминал 2017 жылы салынады
Жаңа терминал Өскеменнің әуе айлағына адамдарға халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
«Жолаушылар ұшақтан түсіп, кеңес заманындағыдай сағаттап кезекте тұру тәжірибесін тоқтату қажет», – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. «Өскемен әуежайы халықаралық стандарттарға сай болу керек. Біз жобаны «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржыландырып, алдағы уақытта құрылыс жұмыстарын бастаймыз».
Жобалық құжаттамаларға сай құрылыс жұмыстарының мерзімі 7 айды құрамақ. Қазіргі уақытта конкурстық шаралар жүргізілуде.
Мамандардың айтуынша, жаңа терминал қолданысқа берілген соң Өскемен әуежайынан ұшу бағыттарының санын арттыруға, жаңа авиатасымалдаушы компанияларды тартуға, «Қазақстан – Еуропа – Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері» бағыттарындағы транзиттік әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік тумақ. Сонымен қатар көрсетілетін қызметтің сапасы артып, Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының талаптарына сәйкес жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр