- Басты
- Жаңалықтар
- Ресейдегі «Суворов тегеуріні» байқауында қазақстандық әскери қызметшілерді қандай сынақтар күтіп тұр
Ресейдегі «Суворов тегеуріні» байқауында қазақстандық әскери қызметшілерді қандай сынақтар күтіп тұр
Онда бірінші орын мен жеңімпаз атағы үшін біздің командаға Ресей, Қытай, Иран, Ангола және Венесуэланың әскери қызметшілерімен күш сынасуға тура келеді. Сайыс Мәскеу облысының «Алабино» оқу-жаттығу орталығында өрістетіледі. Қатысушыларға үш кезеңнен өтуге тура келеді.
Ең алдымен барлық командалардың қатысуымен жеке жарыс. Әрбір экипаж ЖӘЖМ және тікұшақ түрінде нысана бойынша автоматты зеңбіректен, қол танкіге қарсы гранатаатқыш түрінде нысана бойынша қосарланған оқшашардан оқ атуларды орындай отырып, 3-5 шақырымдық 3 шеңберден өтеді. Екінші және үшінші кезеңдер – эстафета. Оған жеке жарыста анағұрлым көп ұпай жинаған мықты командалар ғана қатысады. Шарттарға сәйкес әрбір экипаж ұзындығы 3-5 шақырымдық төрт шеңберден өтеді.
Бағдарда әрбір команда қоршау және маневрлеу учаскесі түрінде бірқатар кедергілерге, өткелдерге обаларға, атыс жолағына, өтуі бар танкіге қарсы орларға, сорап көпірінің сұлбасына тап болады. Одан басқа, бірнеше атыс шептерінде ЖӘЖМ экипаждарына нысаналарды, яғни, жаяу әскердің ұрыс машинасының елестету нысаналары, қол танкіге қарсы гранатаатқыш, тікұшақ, танкіге қарсы зеңбірек, жерүсті қондырғыны жою қажет болады.
Бүгінгі таңда «Суворов қыспағы» байқауында Қазақстанның намысын қорғайтын экипаждар іріктеліп алынғанын айта кеткен жөн. Байқауда қазақстандық армияның намысын төрт экипаж, яки, бір-бірден 10810, 40398, 27943 әскери бөлімдерінен, сондай-ақ, 12740 әскери бөлімі қорғайды. Жалпы алғанда, Армия халықаралық ойындары – 2016 шеңберінде 23 байқау өтеді. Бұл ретте оның екеуі Қазақстанның аумағында алғаш рет өтеді. Әскери қызметшілеріміз 21 сайысқа қатысады. Олардың көбісінде ҚР ҚК-нің командалары алғаш рет ұсынылады. Бұл ретте біздің әскери қызметшілердің «Танк биатлоны», «Каспий теңізі» және «Авиадартс» байқауынга қатысуда мол тәжірибелері бар.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады